Лекция № 2. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару негіздері

Лекцияның мақсаты:Инновациялық қызметпен үдерістің негізгі түсініктерін, инновациялық қызметтен және инновациядан алынатын нәтижелердің түрлерін қарастыру

Сұрақтар:

1. Инновациялық менеджмент басқару процессі ретінде

2. Инновациялық үдеріс пен инновациялық қызмет түсінігі

3. Инновациялық қызметтен және инновациядан алынатын нәтижелердің түрлері

1. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық жүйені жетілдірудің қажетті шарты болып инновацияльщ менеджмента жетілдіру саналады. Инновацияльщ менеджмент (ИМ) - қызметтің әртүрлі салаларында инновацияларды пайдалану жолымен мейлінше көп пайда алуға бағытталған басқарушылық қызметтің ерекше түрі. Екінші жағынан, инновациялық менеджмент - инновациялық үдерістерді, инновацияльщ қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдар мен олардың қызметкерлерін басқарудың қағидалары, әдістері мен пошымдарының жиынтығы. Оған да, менеджменттің кез келген басқа саласы тәрізді, мақсат қою, стратегия таңдау, сондай-ақ төмендегі төрт саты тән:

1. Жоспарлау: стратегияны іске асырудың жоспарын жасау.

2. Шарттарды анықтау жэне ұйымдастыру: инновациялық сатының әртүрлі белеңдерін іске асыру үшін, ресурстарға қажеттілікті анықтау; қызметкерлердің алдына міндеттер қою, жұмысты үйымдастыру.

3. Орындау: зерттеулер мен әзірлемелерді, жоспарды іс жүзіне асыру.

4. Басшылық: бақылау және талдау жасау, іс-әрекеттерді түзету, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау, сондай-ақ жаңалықтарды қолдану. Инновациялық менеджменттің теориясы мен іс жүзінде қолданылуын зерттеу төмендегілерді орындауға мүмкіндік туғызады:

- инновациялар және оларды жіктеудің маңызы туралы көзқарас қалыптастыру;



- кәсіпорынның, түтастай экономиканың инновациялық элеуетін бағалай білуді үйрену;

- инновациялық үдеріс пен ахуалға талдау жүргізу, олардың элементтерін пайдалану;

- инновациялық үдерісті жоспарлау, ұйымдастыру, оның қар- жыландырылуын негіздеу;

- инновациялық қызметтегі тәуекелдікті жэне айқынсыздықты төмендетуді қамтамасыз ету.

Жалпылама түрінде инновациялық қызметті басқару үдерісін ұйымдастыру үшін: мақсатты айқын белгілеу; мүмкіндіктерді, мықты, сонымен қатар осал тұстарды, басқару әдісін бағалау; ұйымдық жэне өндірістік құрылымды әзірлеу, сондай-ақ бірқатар басқа мэселелерді шешу қажет. Басқару үдерісінің өзін төмендегілерді қамтитын инновациялық жүйе ретінде қарауға болады:

- кіру - инновацияның материалдық және зияткерлік ресурстары;

- мақсат немесе шығу - құрылып (жасалып) жатқан жаңалық;

- кері байланыс - сыртқы орта болып саналатын және тұтынушылықтың өзін, құрылып жатқан жаңалықтың өлшемдерін айқындайтын нарық.

Жүйенің «кіруі». Оған фирманың тауар өндіру үшін алатынының барлығы: шикізат, материалдар, энергия, ақпарат, құрал-жабдықтар, мамандар, құжаттама жатады.



Жүйенің «шығуы». Басты талап: тауарлардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін және фирманың жоғары табыстылыққа қол жеткізуін қамтамасыз ету. Шығындар тауардың өміршеңдік кезеңінің келесі сатыларында жоғары қарқынмен өседі (стратегиялық маркетинг - ҒЗТКЖ - өндірістің ұйымдастырушылық-технологиялық әзірлігі - өндіріс).

Кері байланыс. Бұл - тұтынушылар тарапынан талаптар, клиенттерді жарналамалау, жаңа ақпарат. Сыртқы орта. Макроорта, инфрақұрылым, микроорта. Жүйе маңызды қызметтік қосымша жүйелермен бірлесе отырып, барынша толық және тиімді жұмыс істейтін болады.

Ғылыммен ңосаңтала жүретін қосымша жүйе: экономикалық заңдарды, ұйымның заңдарын, менеджменттің қызметтері мен әдіс терін қамтиды. Менеджментов қатысты ғылыми тәсілдерге: жүйелік, маркетингтік, функционалдық (қызметтік), ықпалдастық, серпінді, нормативтік, кешенді, сан жағынан, әкімшілік, жағдайға байланысты және басқа тәсілдер жатады.

Инновациялық менеджменттің мақсатты қосымша жүйесі: жаңалықтар қоржынын қалыптастыру; инновациялар қоржынын қалыптастыру секілді құрамдас бөлшектерден тұрады.

Инновациялық менеджменттің басқарылатын қосымша жүйесі жаңалықтарды құру және инновацияларды енгізу бойынша, олардың өміршеңдік кезеңінің сатыларына қарай: стратегиялық маркетинг; ҒЗТКЖ; ұйымдастырушылық- технологиялық дайындық, яғни инновацияларды енгізу; жаңалықтар өндірісі, жаңалықтар қызметі дегендерден тұрады.

Басқарушы ңосымша жүйе төмендегідей: қызметкерлерді басқару; басқарушылық шешімдер әзірлеу; үйлестіру; басқарушылық іс-әрекеттер іспетті құрамдас бөлшектерден тұрады.

Инновациялық менеджмент кәсіпорынның инновациялық мақсаттарын барынша үлкен пайдамен, алынатын нәтижелердің тәуекелдігі мен айқынсыздығын мейлінше азайтып, барынша ұтымды пошымдарда іске асыруға септігін тигізуге тиіс.

П.Друкердің растауы бойынша, инновациялық мақсаттар төмендегілерді көздейді:

- маркетингтік міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті жаңа өнімдер;

- технологиялық өзгерістер нәтижесінде қажетті болуға айналатын жаңа өнімдер;

- өндірісті жаңалау жэне бағалардың белгілі бір дәрежеде артуы үшін, жаңа технологияларды қолдану немесе ескілерді жетілдіру;

- кәсіпорын қызметінің барлық салаларындағы инновациялар және жетілдіру.

Инновациялық қызметтің үш: белсенді, қарсы, енжар (баяу) бағытын ажыратып көрсету қажет. Белсенді бағыт кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, оған сыртқы факторлардың (мүмкіндіктер, қауіп-қатерлер) эсерін егжей-тегжейлі зерттеуге негізделіп жасалған стратегияға бай­ланысты. Қарсы бағыт бәсекелестердің іс-әрекеттеріне қарсы жауап беру ретінде іске асырылады. Енжар бағыт айқын құрылған страте­гия, нарық, бәсекелестер, тұтынушылардың болашақтағы сұраныстары жайында анық ақпарат болмаған кезде таңдалып алынады. Ол өндіріс көлемі төмендей бастаған, ал тұтынушылардың талаптарын енді ескермеуге болмайтын жағдайда жүзеге асырылады.

Инновациялық менеджмент үш көзқарас тұрғысынан:

- инновацияларды басқару ғылымы және өнері ретінде;

- қызмет түрі және басқарушылық шешімдер қабылдау үдерісі;

- инновацияларды басқару аппараты ретінде қаралады.

1. Инновациялық менеджмент жалпы менеджменттің теориялық қағидаларына негізделеді. Бүл саладағы теориялық және іс жүзіндегі тәжірибе ҒТӨ-ні, ғылым мен техниканың дамуын басқару, ҒТЗ мен әзірлемелерді басқару мәселелеріне арналған жұмыстарда көрініс тапқан.

2. Инновациялық менеджмент - басқарушылық қызметтің жекелеген бағыттарынан түратын инновацияларды басқарудың жалпы технологиялық сызба- нұсқасын құрайтын іс-шаралардың жиынтығы.

3. Инновациялық саланың құрылымы:

а) инновацияларды басқарудың иерархиялық құрылымын иеленген және басқарудың арнаулы органдарынан тұратын жүйе;

ә) басқару субъектілері ретінде эрекет ететін менеджерлер институты.

Инновациялық менеджменттің дамуы мен түрленуін қарау барысында салыстырмалы дербес төрт кезең ажыратылып көрсетіледі:

1. Факторлың тәсіл - ғылым мен техниканы елдің эконо-микалық әлеуетін дамытудың маңызды факторлары ретінде қарау.

2. Функционалдъщ түжырымдама - Инновациялық менеджментті басқарушылық қызметтер мен басқарушылық шешімдер қабылдау үдерістерінің жиынтығы деп қарау.

3. Жүйелік тәсіл - ішкі және сыртқы факторларды есепке ала оты-рып, инновациялық үдерісті дамудың белгілі бір мақсаттарына жетуге бағытталған, өзара байланысты элементтердің жиынтығынан тұратын күрделі ұйымдық жүйе ретінде қарау.

4. Жағдайлық тэсіл - нақты инновациялық жағдайлар үшін алдыңғы кезеңдердің жетістіктерін саралау. Нақты жағдайда барынша тиімді әдіс болып аталған жағдайға барлығынан артық сай келетін, соған мейлінше бейімделген эдіс саналады.

1) инновациялық қызметті: ұйымдастырушылық және экономика- лық шарттар, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру мақсатында инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін шарттар құру жолымен ынталандыру;

2) инновациялық өркендеудің басымдықтарын айқындау;

3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жэне дамыту;

4) мемлекеттің инновациялар құруға және енгізуге қатысуы;

5) отандық инновацияларды сыртқы нарықтарда алға бастыру;

6) технологиялардың трансферты қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Нормативтік-әдістемепік реттеу ұлттық та, халықаралық та дең- гейде, сондай-ақ фирма деңгейінде де инновациялық менеджменттің бүкіл жүйесінің айқын реттелуін қамтамасыз етеді. Нормативтік- әдістемелік құжаттар: нормативтік актілер, стандарттар, әдістер мен нұсқаулар түрінде болуы мүмкін.

Нормативтік-әдістемелік құжаттардың инновациялық менеджмент жүйесі бойынша шамамен алынған тізбесі төмендегідей:

1. Менеджмент жүйесі (фирма стандарты).

2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін меңгерудің әдістемелік қамсыздандырылуы (фирма стандарты).

3. Ресурстық қамсыздандыру (фирма стандарты).

4. Менеджмент жүйесінің сыртқы ортасы (фирма стандарты).

5. Қызметкерлерді басқару (фирма стандарты).

6. ҒЗТКЖ ұйымдастыру (фирма стандарты).

7. Өндірістің технологиялық дайындығын ұйымдастыру (фирма стандарты).

8. Өнім қызметін және фирма иновациясын ұйымдастыру (фирма стандарты).

Инновациялық менеджменттің қаржылай жэне материалдың ңамсыздандырылуы ресурстық қамсыздандыру жүйесіне құрамдас бөлшектер ретінде кіреді. Ресурстардың түрлері: еңбек ресурстары; материалдық игіліктер; негізгі өндірістік қорлар; қаржы қорлары.

Кез келген фирманың қаржылай қамсыздандырылуы басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен және банктермен, мемлекеттік органдармен: ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыру, құрал- жабдықтар, материалдар беру көздерін анықтау, сондай-ақ жұмыстарды орындаушылармен есеп айырысуды іске асыру мақсатында орнатылатын ақшалай қатынастарды қамтиды. Қазіргі уақытта инновациялық қызмет үшін пайдаланылатын негізгі қаражат көздері ретінде төмендегілерді атап айтуға болады:

1. фирманың меншікті қаражаты есебінен пайда болатын: таза табыстар, амортизациялық аударымдар;

2. қаржы нарығында шоғырландырылатын: бағалы қағаздармен операциялар, кредит инвестициялары, қаржы лизингі, ғылыми қорлар қаражаты, демеушілік қаражаттар;

3. қайта бөлу тәртібімен түсетін: тапсырыс берушілерден түсетін қаражаттар, активтер бойынша үлестер мен дивидендтер, бюджеттік қаржы бөлу және басқалары.

Ақпараттық қамтамасыз ету фирманың инновациялық қызметінің маңызды қүрамдас бөлшегі болып есептеледі, өйткені инновациялар, өздерінің жаңашылдығына орай, дұрыс басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ең көп мағлұмат жинауды талап етеді. Ақпаратты төмендегідей жіктеу үсынылады:

1. нысан бойынша - тауар және технологиялық әлеуетке қатысты көрсеткіштер;

2. ақпараттың сипаты бойынша - ғылыми, нарықтық, өндірістік, басқарушылық ақпарат;

3. қолданылу мақсаты бойынша - экономикалық, техникалық, элеуметтік, үйымдық ақпарат;

4. нысанның (объект) субъектіге қатынасы бойынша - фир­ма мен сыртқы орта арасындағы; фирма ішіндегі бөлімшелер арасындағы; әртүрлі деңгейдегі орындаушылар арасындағы ақпарат.

Ақпарат пен статистиканың қажетті көлемін: ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі; ұлттық ғылыми ұйымдар; халықаралық ұйымдардың талдау және статистикалық материалдары; интернет-ресурстар тэрізді арнаулы институттардан алуға болады. Кәсіпорындардың инновациялық қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесі төмендегі тараулар бойынша құрылады:

1.Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі.

2.Инновациялар туралы ақпарат көздері.

3.Технологиялық инновацияларға бағытталатын шығындар.

4.Зерттеулер мен әзірлемелер.

5. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындау жөніндегі бірлескен жобалардың саны.

6. Технологиялық айырбас.

7. Инновациялық қызметтің нәтижелері.

8. Инновацияларға кедергі келтіретін факторлар.

2.Ғылыми – техникалық және инновациялық қызмет инновациялық үдерістердің қажетті шарты болып саналады, ал осы саланы басқару инновация менеджері міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Инновациялық үдеріс– қойылған мақсатқа жету үшін, инновациялық идеяны сауда – саттық тұрғысынан тиімді нәтижеге айналдыру. Инновациялық үдеріс төмендегі сатыларды қамтиды:

- Инновациялық идеяларды іздестіру;

- Болашағы аса зор идеяларды іріктеу;

- Іріктеліп алынған идеялардың өміршеңдігін бағалау;

- Инновациялық жобаның бизнес – жоспарын әзірлеу;

- Бизнес – жоспардың сараптамалық бағасы;

- Инновациялық өнімнің сынақтан өту өндірісі;

- Инновациялық өнімнің жаппай өндірілуі.

Инновациялық үдерісте жүзеге асырылатын барлық мақсатты іс – әрекеттерді 4 кезеңге топтастыруға болады. Бірінші кезеңде, негізінен, мемлекеттік бюджеттен қайтымсыз негізде қаржыландырылатын іргелі зерттеулер жүргізіледі. Екінші кезеңде бюджет есебінен де, тапсырыс есебінен де қаржыландырылатын қолданбалық сипаттағы зерттеулер жүргізіледі. Ондай зерттеулердің нәтижесі айқынсыздық пен тәуекелдіктің үлкен дәрежесіне байланысты болғандықтан, ондай жобалар тәуекелді (венчурлық) деп сараланады. Үшінші кезеңде тәжірибелік – конструкторлық және сынақ әзірлемелер жүзеге асырылады. Оларды қаржыландыру көздері болып бюджеттік қаражат және ұйымдардың меншікті қаражаттары саналады. Төртінші кезеңде өндіріске қосудан бастап, толық көлемде нарыққа шыққанға дейінгі сауда –саттық үдерісі іске асырылады. Инновациялық үдерісті қарау барысында «инновациялық белең» түсінігі пайда болады: ол қажетті сатыларды бірізді жүзеге асыру: іргелі зерттеулер – іздестірушілік ҒЗЖ – қолданбалы ҒЗТКЖ – маркетингтік зерттеулер – технология – өндіріс – нарықтық іске асыру болады. Кез келген инновациялық үдеріс барынша тиімді инновациялық идеяларды іздеуден және іріктеуден басталады. Инновациялық идеяны іздестіру әдісін таңдау – негізгі және аса күрделі міндеттердің бірі. Фирманың жоғары білікті, инновациялық жобаларды қажетті бәсекелестікке мүмкіндік туғызатын ауқымдарда тудыруға қабілетті қызметкерлері әрдайым бола бермейді. Қажетті, әрі тиімді инновациялық идеяны іздеу және іріктеу үшін, әртүрлі: морфологиялық талдау; ми арқылы шабуыл; синектика; таңдамалы міндеттерді шешу теориясы (ТМШТ) тәрізді тәсілдер мен әдістерді пайдалануға болады. Морфологиялық талдаудыңнегізінде жетілдіріліп жатқан нысан құрылысының заңдылықтарынан келіп шығатын нұсқаларды зерттеу мақсаты жатыр. Ол кезде әртүрлі әдістер пайдаланылады. Терістеу әдісі кез келген пікір даусыз дұрыс бола алмайды дейтін ұстанымды жорамалдайды. Басқа сөзбен айтқанда, әрбір ережеге немесе нәтижеге күмән келтіруге болады, өйткені олардың әрекет ететін саласы шектеулі. Ми арқылы шабуылжасау жаңа идеяларды тудыруға, шығармашылықты құптауға себепкер болады және негізгі төрт кезеңді жүзеге асыру болып саналады:

- Осы саладағы мамандар топтарын іріктеу;

- Алдағы уақытта шешілуге тиіс мәселені қалыптастыру;

- Идеялардың мүмкіндігінше көп санын (тіпті қате, нақты емес болса да) алу үшін, мидың шабуылын іске асыру;

- Болашағы зор идеяларға талдау жасау нәтижесінде таңдау және оларды дамыту.

Синектикақатысушылардың түйсіктік – бейнелі, метафоралық (ауыспалы мағынада) ойлауын мақсатқа сай пайдалануға негізделген ұжымдық шығармашылық әдісті көздейді.

Таңдамалы міндеттерді шешу теориясы әрбір жаңа шешім немесе өнертабыс – ол қарама – қайшылықты шешу дейтін пікірден шығады. Теориялар аясында міндеттер бес деңгейге бөлінеді:

1. Бірінші деңгейдің міндеттері мен құралдары бір мамандықтың шектерінде болады, сондықтан нұсқалар көп емес, ал өзгерістердің өздері жергілікті: нысанның қайта құрылуы елеулі емес.

2. Екінші деңгейдің міндеттерінің белгілі тәсілдердің көмегімен оңай шешілетін қарама – қайшылықтары бар. Шешудің нәтижесінде міндеттер ұсақ өнертабыстарға ие болады.

3. Үшінші деңгейдің міндеттерін шешу барысында қарама – қайшылық пен оны шешу тәсілі бір ғылымның (химия, механика) шектерінде жатады. Қорытындысы жақсартушы сипаттағы инновация болады.

4. Төртінші деңгейде жаңа техникалық жүйе түзіледі. Бұл жағдайда қарама – қайшылықтар салалық ғылымның шектерінен әлдеқашан шығып кеткен құралдардың көмегімен жойылады; нәтижесінде, ірі жақсартушы инновацияның негізіне айнала алатын ірі өнертабыс туады.

5. Бесінші деңгейде өнертабыстық жағдай мейлінше күрделеніп, шешімнің шектеусіз саны пайда болады. Қорытындысында басты инновацияға айнала алатын ірі өнертабысқа қол жеткізіледі.

Жаңа шарттарда немесе қолданылу орындарында меңгерілген және пайдаланылатын жаңалықтың қолданылу әдісі ретінде инновациялардың диффузиясы (инновацияларды беру және қолдану) барынша кең таралуға жетті. Диффуздық үдерістер қызметтің әртүрлі салаларына капитал ағыны келуіне ықпал етті. Технологиялық инновациялардың ең үлкен үлесі жақсартушы және жалған инновацияларға тиесілі. Инновациялардың соңғы түрлері үшін, бастапқы пікір ретінде тұтынушылардың қалауын зерттеуге бағытталған нарық зерттеулерінің нәтижелері алынады. Ұйымдастыру инновацияларының бастапқы нүктесі, әдетте, кәсіпорынды басқарудың қалыптасқан ұйымдық құрылымының ақпараттық, технологиялық сипаттағы жаңа талаптарға сай еместігі болып шығады. Ұйымдастыру инновациялары: құрылым мен үдерістерді; өндірістік және ақпараттық технологияларды; ұйымдастыру мәдениетін, қызметкерлер құрамын қамтиды. Осы заманғы тәсіл төменнен жоғары қарай әртараптандыруды жүзеге асыруды талап етеді. Бұл жағдайда жаңа өнім оны өндіру технологиясымен бір мезгілде әзірленеді және оның болуына тікелей тәуелді. Жаңа технологиялар қазіргі уақытта технологиялық секіріс нұсқасы бойынша да, технологиялық қорытпа түрінде де құрылады. Қорытпа – ол бөлшектердің механикалық емес, диалектикалық қосылысы: ол кезде қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа сапасы пайда болады. Оның нәтижесі – оны пайдаланатын салалардың біртіндеп өркендеуі. Технологиялық ұмтылыс – қорғаныс саласына немесе саланың жетекші компаниясына тән құбылыс. Оның салдары – жеке компанияның шапшаң өрлеуі. Жалған инновациялар құру кезінде көпшілік жағдайларда инновациялық саты іргелі және қолданбалы зерттеулерден, сондай-ақ маңызды ҒЗТКЖ - лардан тұрмайды. Бұл инновациялық үдерістің қалыптасуы, инновациялық сатының мазмұны және инновациялық қызмет тұтастай жоспарланып отырған инновациялардың түрлері мен ерекшеліктері арқылы айқындалатынын ғана білдіреді. Ғылыми – техникалық қызмет ғылыми – техникалық білімдердің тууына, дамуына, таралуына және қолданылуына байланысты. Ол: ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді; ғылыми – техникалық білімді және мамандар даярлауды; ғылыми – техникалық қызметтерді қамтиды. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер шығармашылық қызмет болып саналады. Олардың мақсаты – адам, табиғат, қоғам туралы білімдердің ауқымын ұлғайту, ол білімдерді қолданудың жаңа жолдарын іздестіру. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер іргелі зерттеулерді, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді қамтиды. Іргелі зерттеулер – ол жаңа білімдер алуға бағытталған сараптамалық немесе теориялық зерттеулер. Олардың нәтижесі – теориялар, ғылыми болжамдар, әдістер және басқалары болуы мүмкін. Оларды қолданбалы зерттеулер өткізу туралы ұсыныстармен, ғылыми баяндамалармен, жарияланымдармен аяқтауға болады. Іргелі зерттеулерден айырмашылығы – қолданбалы зерттеулер іс жүзіндегі нақты міндеттерді шешу мақсатын көздейді. Олар жаңа білімдер алуға бағытталған түпнегізді жұмыстар мен іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдалану жолдарын; бір немесе басқа мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздестіру болып есептеледі. Әзірлемелер – ол жаңа өнімдер мен құрылғылар, жаңа материалдар жасауға, жаңа үдерістерді, жүйелер мен қызметтерді енгізуге немесе шығарылып жатқан өнімдерді немесе іске қосылған үдерістерді жетілдіруге бағытталған жұмыстар. Олар: инженерлік нысанның немесе техникалық жүйенің белгілі бір конструкциясын; жаңа нысанның идеялары мен нұсқаларын, оның ішінде техникалық емес, сызба деңгейіндегі немесе белгі құралдарының (жобалау жұмыстары) басқа жүйесін; технологиялық үдерістерді, яғни табиғи, химиялық, технологиялық және басқа үдерістердің еңбек үдерістерімен тұтас, белгілі бір пайдалы өнім өндіретін (технологиялық жұмыстар) жүйеге бірігуі тәсілдерін әзірлеуге; тәжірибелік үлгілер (түпнегіздік, жасалып жатқан жаңалықтың түбегейлі ерекшеліктерін иеленген үлгілер) жасауға; техникалық және басқадай деректер алу және тәжірибе жинақтау үшін сынақтар өткізу (бұл жаңа енгізілімдерді қолдану жөніндегі құжаттамада көрініс табады) байланысты болуы мүмкін. Сөйтіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер: конструкторлық жұмыстарды, жобалық жұмыстарды; технологиялық жұмыстарды; тәжірибелік үлгілерді жасауды; сынақтар өткізуді қамти алады.

Инновациялық менеджментте басқару нысандары болып: инновацияларды енгізу үдерісі, басқару және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру органдарының қызметі саналады. Инновациялық қызмет – аса кең ұғым. Ол ғылыми – техникалық қызметті, ұйымдастырушылық, коммерциялық қызметті қамтиды және тұтынушыларға жаңалықтарды жеткізудің маңызды құрамдас бөлшегі болады. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жаңа идеялардың бастаулары бола отырып, инновациялық үдерістің әртүрлі сатыларында жүзеге асырылады. Инновациялардың зерттеулерінде инновациялық қызметтің төмендегідей түрлері ажыратылып көрсетіледі:

- Құрал-саймандық дайындық және өндірісті ұйымдастыру (өндірістік құрал-жабдықтар мен аспаптар сатып алу, оларда, сондай-ақ өндірістің іс-шараларында, әдістері мен стандарттарында, жаңа өнім әзірлеуде оның сапасын бақылауда немесе жаңа технологиялық үдерісті қолдануда өзгертулер жасау);

- Өндірісті іске қосу және өнім мен технологиялық үдерісті жаңартуды қамтитын өндіріс алдындағы әзірлемелер; жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдану үшін қызметтерді қайтадан дайындықтан өткізу, сондай-ақ конструкцияны түзеу жорамалданса, сынау үшін өндіріп көру;

- Жаңа өнімдердің маркетингі (жаңа өнімді нарыққа шығаруға байланысты қызмет түрлері, яғни нарықты алдын ала зерттеу, өнімді әртүрлі нарықтарға бейімдеу, жарнама науқанын өткізу);

- Заттанбаған технологияны: патенттер, лицензиялар, «ноу-хау» ашу, сауда маркалары, конструкциялар, үлгілер және технологиялық мазмұндағы қызметтер түрінде сырттан сатып алу;

- Өндірістік жобалау (өндірістік іс-шараларды, техникалық өзгешеліктерді, сондай-ақ пайдаланушылық сипаттамаларды анықтау үшін, жоспарлар мен сызбалар әзірлеу).

- Басқарудың дербес нысаны ретінде қалыптасқан инновация үдерісін басқару жүйесі төмендегілерді қажет етеді:

- Жоғарғы деңгейде мамандандырылған бөлімшелер – техникалық саясатты әзірлеу жөніндегі кеңестер, комитеттер немесе жұмысшы топтарын құру;

- Инновациялық қызметті үйлестіру үшін, жаңа өнімдердің орталық қызметтерін, бөлімшелерін құру;

- Жаңа өнім әзірлеу бойынша мақсатты жобалық топтарды немесе орталықтарды бөлу;

- Өндірістік бөлімшелердің құрамына кіретін, инновациялық қызметпен айналысатын ҒЗТКЖ бөлімдерінің, зертханалардың, ғылыми орталықтардың рөлін көтеру;

- Инновациялық қызметті ынталандыратын венчурлық бөлімшелер мен арнаулы қорлар құру;

- Жаңа енгізілімдер саласында кеңес беру көмегін ұйымдастыру;

- Жаңа технологияны меңгеру бойынша арнайы салалық зертханалар құру;

3. Инновациялық қызметтің қорытындысында нәтижелердің алуан түрлеріне қол жеткізіледі. Өндірістік нәтиже жаңа технологиялар енгізуден көрінеді, соның арқасында сапа және бәсекеге қабілеттілік артады. Бөлу нәтижесіне өндірістік ресурстардың ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық салаларға жылыстауы себебінен қол жеткізіледі. Айырбас нәтижесі жоғары технологиялық өндірістерді пайдаланудан туған өзара байланыстарды тереңдету нәтижесінде орын алады. Тұтыну нәтижесіне қоғамдық ұдайы өндірістің қорытынды кезеңі іспетті ҒТӨ- дің ықпалымен жетуге болады: соған орай, артып отырған жаңа қажеттіліктер қанағаттандырылады. Инновацияларды іске асырудан келетін нәтижені анықтаудың маңыздылығы нарықтық экономика жағдайында арта береді. Қорытындылар мен шығындарға байланысты нәтиженің төмендегідей түрлері ажыратылады (кесте).

Кесте Нәтиже түрлерінің негізгі көрсеткіштері

Нәтиженің түрлері Факторлар, көрсеткіштер
1.Экономикалық Көрсеткіштер инновацияларды іске асырудан пайда болған нәтижелер мен шығындардың барлық түрлерін құн тұлғасында есепке алады
2.Ғылыми-техникалық Жаңалық, қарапайымдылық, пайдалылық, эстетикаға сай, ықшамдылық
3.Қаржылық Көрсеткіштердің есебі қаржылық көрсеткіштерге негізделеді
4.Ресурстық Көрсеткіштер инновацияның өндіріс көлеміне әсерін және ресурстың бір немесе басқа түрін тұтынуды көрсетеді
5.Әлеуметтік Көрсеткіштер инновациялардың жүзеге асырылуының әлеуметтік нәтижелерін есепке алады
6.Экологиялық Шу, электромагниттік өріс, жарықтылық (көзге көрінетін жайлылық), тербеліс. Көрсеткіштер инновациялардың қоршаған ортаға әсерін есепке алады

Нәтижелер мен шығындарды есепке алудың уақыттық кезеңіне байланысты, нәтижелердің көрсеткіштері есептік кезең үшін деп және жылдық нәтиже көрсеткіштері деп ажыратылады. Қабылданатын уақыттық кезеңнің ұзақтығы төмендегідей факторларға байланысты, атап айтқанда:

- Инновациялық кезеңнің ұзақтығы;

- Инновациялар нысанының қызмет мерзімі;

- Бастапқы ақпараттың анықтылығы дәрежесі;

- Инвесторлардың талаптары.

Жоғарыда тиімділікті бағалаудың жалпы қағидасы – әсер (нәтиже) мен шығындарды салғастыру болып табылатыны айтылды. Нәтиже/шығындар қатынасы табиғи да, ақшалай да шамаларда тұлғалана алады, әрі тиімділіктің көрсеткіші нәтижелерді білдірудің осы тәсілдерінде бір жағдайдың өзінде әртүрлі болып шығуы мүмкін. Бірақ, бастысы, мынаны айқын түсіну қажет: өндірістегі тиімділік – ол қашанда қатынас. Тұтастай алғанда, экономикалық нәтижені анықтау және инновацияларды іске асырудың барынша қолайлы нұсқаларын таңдау мәселесі, бір жағынан, оларды пайдаланудан келетін түпкілікті нәтижелердің әзірлемеге, дайындау мен сатуға деген шығындардан артық болуын, екінші жағынан, сол кезде алынған нәтижелерді мақсаты бойынша ұқсас басқа инновациялар нұсқаларын қолданудан алынатын нәтижелермен салғастыру талап етіледі. Жеделдетілген амортизацияны қолданатын фирмаларда нұсқаны шапшаң бағалау және дұрыс таңдаудың ерекше қатаң қажеттігі пайда болады, ол кезде жұмыс істеп тұрған машиналар мен құрал-жабдықтарды мүлдем жаңаларға ауыстыру айтарлықтай қысқарады. Инновациялардың оларды іске асыру нәтижелерін шығындармен салыстыруға негізделген нәтижесін (табысын) есептеу әдісі жаңа әзірлемелерді пайдаланудың мақсаттылығы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Инновациялық қызметтің тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі: Экономикалық нәтиже:

- Лицензиялық қызметтен түсетін; патенттер, өнертабыстар, «ноу-хау» енгізуден келетін пайда;

- Сату көлемінің өсімі;

- Өндірістік қуаттарды пайдаланудың жақсаруы;

- Инвестициялардың өтелімділігінің қысқаруы; күрделі құрылыс мерзімдерінің қысқаруы;

- Ресурстарды пайдаланудың жақсаруы: еңбек өндірімділігінің артуы, қор қайтарымының көтерілуі, айналым қаражаттары айналымдылығының жеделдеуі.

Ғылыми-техникалық нәтиже:

- Тіркелген авторлық куәліктердің саны;

- Жаңа ақпараттық технологиялардың; жаңа үдемелі технологиялық үдерістердің үлес салмағының артуы;

- Өндірісті автоматтандыру коэффициентінің; өндіріс пен еңбектің ұйымдастырушылық деңгейінің көтерілуі;

Өнеркәсібі дамыған елдердің нарықтарында инновациялық ұйымның және оның тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің артуы.

Әлеуметтік нәтиже:

¾ Инновациялық ұйым қызметкерлері табысының өсуі;

¾ Қызметкерлердің физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесінің көтерілуі;

¾ Қызметкерлердің қауіпсіздігі дәрежесінің, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесінің көбеюі;

¾ Жұмыс орындарының көбеюі;

¾ Қызметкерлер біліктілігінің жоғарылауы;

¾ Еңбек пен демалыс шарттарының жақсаруы; қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру ұзақтығының артуы.

Экологиялық нәтиже:

¾ Атмосфераға, топыраққа, суға зиянды заттектердің шығуын азайту;

¾ Өндіріс қалдықтарын азайту;

¾ Шығарылатын тауарлар өндірісі эргономикасының көтерілуі;

¾ Шығарылатын тауарлардың экологиялық тазалығын жақсарту;

¾ Экология заңдарды бұзушылық үшін айыппұлдарды төмендету.

Бақылау сұрақтары:

1. «Инновациялық менеджмент» ұғымына анықтама беріңіз.

2. Инновациялық менеджменттің эволюциясы жайлы айтып беріңіз.

3. Жаңалықтар мен инновациялар фирманың «кіруінде» бола ма. Әлде «шығуында» бола ма?

4. Инновациялық менеджменттің түрленуінің төрт сатысын атаңыз.

5. Инновациялық менеджменттің кешенді қамсыздандырылуы нені қамтиды?

6. Инновациялық менеджменттің құқықтық қамсыздандырылуының мазмұнын ашып көрсетіңіз.

7. «Инновациялық үдеріс» және «инновациялық қызмет» түсініктерінің айырмашылығы неде?

8. Инновациялық менеджмент тиімділігінің көрсеткіштері жүйесін ашып беріңіз.


3050002425032920.html
3050126196442464.html
    PR.RU™